19 Ақпан, 2014

Омыртқа мен жұлын жарақаты

885 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тараз қаласында оған алғаш рет ота жасалды Тараз қаласының № 1 қала­лық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде Астана қа­ла­сының республикалық ней­ро­хирургия орталығының ғы­лы­­ми қызметкері, медици­на ғы­лымдарының кандидаты Вик­тор Олейниковтың басшы­лы­ғы­мен «шеберлік сыныбы» өтті. Ол мұн­да омыртқа сынығы және жұ­лынның ауыр жарақаттарына ота жасады. Жамбыл облысында ал­ғаш рет жасалып отырған бұл күр­де­­лі ота үшін жоғары техно­ло­гия­­­­лық металл конструкция мен арнайы құрылғылар қол­­даныл­­­ды. Нейрохирургия бөлім­ше­­­сінің меңгерушісі Бахытжан Дос­­жановтың айтуынша, бүгінде омырт­қа жарақаты әлемдік меди­ци­­наның көкейкесті мәселелерінің бі­рі­­не айналған. Жыл сайын №1 қа­­лалық аурухананың нейрохи­рур­гия бөлімшесіне 40-50 адам омырт­қаның түрлі зақымдануы сал­дарынан келіп түседі. Олар ұзақ уа­қыт төсек тартып жатады және әртүрлі топтағы мүгедек болып қалады. Омыртқаға жасалатын оталар күрделі және оның бағасы да қымбат. Бұрын мұндай оталарды жасау үшін облыста қажетті құрал-жабдықтар болмағандықтан, науқастар Алматы мен Астана қалаларындағы нейрохирургиялық орталықтарға жіберілетін. Енді мұндай оталар облыстың өзінде жасалатын болды. Ең бастысы, оталық араласулар бел омыртқасынан жарақат ал­ғандардың ертерек сауығып кетуіне, сөйтіп, еңбек ету қабі­ле­ті­нің қайта қалпына келуіне жә­не олардың мүгедектік болып қалмауына мүмкіндік береді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».  Жамбыл облысы.