Экология • 27 Қазан, 2021

Елімізде зиянды заттар көлемі ұлғаюы мүмкін – министр

36 рет көрсетілді

2060 жылға қарай Қазақстанда зиянды шығарындылар көлемі 473 миллион тоннадан асуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Еуропалық Одақ 2023 жылдан бастап көміртекті қажетсінетін өнімдер импортына салынатын шекаралық көміртек салығын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл халықаралық сауда ережелерін түбегейлі өзгертетін болады. Париж келісімі аясында Қазақстан өзіне 2030 жылға қарай шығарындыларды 1990 жылғы деңгейден 15 пайызға, ал халықаралық қолдау көрсетілетін жағдайда 25 пайызға қысқарту міндеттемесін алды», деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Алайда, министр бүгінгі таңда шығарындылар 1990 жылғы деңгейден әлдеқашан асып кеткенін айтады.

«Айтарлықтай іс-шаралар қабылданбаса, болжам бойынша жалпы шығарындылардың ұлғаюы жалғасып, 2060 жылы 473 миллион тоннадан асатын болады», деді ол.

Осы ретте Серікқали Брешекев Қазақстан Республикасының Париж келісімінің температуралық талабын сақтау, сондай-ақ Мемлекет басшысының көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы мәлімдемесін іске асыруға үлес қосу үшін 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қатысты доктринасының жобасы әзірленгенін атап өтті.

«Доктринаны әзірлеу кезінде нақты экономиканы модельдеу үшін ең озық TIMES, CGE және System Dynamics үлгілері қолданылды. Бұл барынша аз инвестициялық шығындар жұмсау және барынша көп экономикалық пайда алу тұрғысынан алғанда Қазақстан экономикасын көмірсіздендірудің ең оңтайлы жолын анықтауға мүмкіндік берді», деді министр.

Соңғы жаңалықтар

Қарсыласын 7 раунд бойы сабады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:32

Индонезияда жер сілкінді

Әлем • Бүгін, 09:32

Үшінші жеңіліс

Жекпе-жек • Бүгін, 09:02

Жоспарын жоққа шығарды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Үздік ондықта Головкин жоқ

Кәсіпқой бокс • Кеше

Жекпе-жексіз өткен алғашқы жыл

Кәсіпқой бокс • Кеше

Ұқсас жаңалықтар