Аймақтар • 27 Қазан, 2021

ШҚО: Жыл басынан бері 86 адам жол апатынан көз жұмған

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 86 адам жол апаттарынан қаза болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО: Жыл басынан бері 86 адам жол апатынан көз жұмған

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл 580 жол-көлік оқиғасы тіркелкен. Соның салдарынан 86 адам қаза болып, 792 адам түрлі жарақат алған. Көп жағдайда оқыс оқиғаның себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудан болып жатады.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және жол қозғалысын ұйымдастыру деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде.

«Әсіресе көшелер мен тасжолдарға тексеру жүргізуге, анықталған кемшіліктерді жоюға ұйғарым беруге аса маңыз аударылған. Былтыр департамент өкілдері 4 000-нан астам тексеру жүргізді. Соның нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген 225 жол қызметінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдеріне 74 жарықдиодты белгілер орнатылды», деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Оның айтуынша, биыл республикалық маңызы бар тасжолдарды (Алматы-Өскемен, Омбы-Майқапшағай) және елді мекендердің көше жолдарын реконструкциялау бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда.