«Негізгі энергетикалық қорлардың жоғары тозуын ескере отырып, энергетикалық секторды 2060 жылға дейін жаңғырту шамамен 305 млрд АҚШ доллары инвестициясын тартуды талап етеді. Қосымша инвестицияларды тарту көмір стансаларын жаңғырту, бу-газ қондырғыларына көшіру және жасыл сутегін дамыту үшін қажет. Көміртекті ұстау және сақтау технологияларын енгізу үшін 37,5 млрд доллар көлемінде инвестиция қажет болады», деді Серікқали Брекешев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Ал Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков еліміздің энергетикалық қуаты 23 МВт-ты құрайтындығын, оның 53 пайызының тозығы жеткенін айтады.
«Сол себептен 2009 жылдан бастап 4,5 мың МВт қуатты жаңғырттық. Дегенмен, қалған 40 пайызына инвестиция тартып, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуіміз керек. Сол үшін инвестиция қажет», деді ол.