19 Ақпан, 2014

Мұнай штатындағы атыс

308 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Шарайна

Оңтүстік Судан көтерілісшілері кеше Малакаль қаласына шабуыл жасады. Аталған қала мұнай өндіретін өңірдің астанасы саналады. Бұған дейін де Малакаль көтерілісшілер мен үкімет әскерлерінің қақтығыс алаңына айналған еді. Шарайна-1 МалакальӨткен жылдың желтоқсан айында қаланы жергілікті билікке қарсылар басып алып, оны бір ай шамасында өз бақылауларында ұстаған болатын. Ал осы жолғы шабуыл үстіміздегі жылдың 23 қаңтарында екіжақты келісім жасалғаннан кейінгі алғашқысы болып отыр. Түйіп айтқанда, жанжалдасушы жақтар өзара келісімді бұзып, бір-біріне қару кезенуді жалғастыруда. Оңтүстік Судандағы қарулы қақтығыс іс басындағы президент Сальва Киир бұрынғы вице-президент Риек Мачарды мемлекеттік төңкеріске дайындық жасады деп айыптағаннан кейін басталған болатын. Өзіне өзі неге от қойды екен? Иранның мұнай министрлігінде ер адам өзіне-өзі от қойды. Ол осы мекемеде жұмыс істейтін 58 жастағы қызметкер көрінеді. Оқиға министрлік ғимаратын Иран президенті Хасан Рухани тастап шыққаннан кейін орын алған. Ел президенті мұнай министрлігіне күтпеген жерден сапармен келсе керек. Бірақ бұл екі оқиғаның арасында ешқандай байланыс жоқ делініп отыр. Ал зардап шегуші шұғыл ауруханаға жеткізіліпті. Оның денесінің 55 пайызын күйік шалған. Мұнай сату Иран байлығының негізгі көзі болып табылатыны белгілі. Наразылық шаралары жалғасуда Украинада билік пен оппозиция арасындағы қарсы тұрушылық жалғасып жатыр. Оның соңына қашан нүкте қойылатыны белгісіз. Мәселен, ел астанасы – Киев қаласының орталығына өтуге тосқауыл ретінде қойылған екі «КамАЗ» жүк көлігіне от қойылған.   Шарайна-2 Украина-1 Артынша-ақ «КамАЗ-дар» өртелген  Шелковичная көшесін қара түтін алып кеткен. Осы аралықта митингке шығушылар мен милиционерлер арасындағы қақтығыс жалғасып жатқан. Билік қамауға алынған оппозиционерлерді толықтай босату туралы заң қабылдағанымен, қос тарап оның толықтай орындалатынына күмәнмен қарайды. Қазіргі кезде оппозицияның Еуроодаққа қаржылай көмек сұрап қол жайғаны да белгілі болып отыр.

Қысқа қайырып айтқанда:

 Ирактың астанасыБағдат қаласында қатарынан бірнеше лаңкестік актілер жасалды. Лаңкестіктер шииттер шоғырланған аудандарда ұйымдастырылған. Қаза тапқандар қатары қалың.  «Ансар Бейт әл-Макдис» исламшыл тобы Мысырда оңтүстіккореялық туристер мінген автобуста жасалған жарылысқа жауапкершілікті өз мойындарына алды. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапқан болатын.  Австралияның Папуа аумағындағы Манус аралына орналастырылған босқындар ұсталатын лагерьде тәртіпсіздік орын алды. Толқу кезінде бір адам өліп, сексенге жуығы жараланған. Босқындар ел аумағына заңсыз келгендер болып табылады.  «Байқоңыр» космодромының басшысы Евгений Анисимов отставкаға кетті. Ол бұл лауазымды орынтақта 2009 жылдан бері отырған еді. Түрлі қауесеттер айтылғанымен, отставканың нақты себебі белгісіз.  Ресей және Эстония сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Урмас Паэт екі ел арасындағы шекара туралы келісімге қол қойды. Оған сәйкес, екі елдің КСРО кезіндегі шекарасы өзгермейтін болды.  Елшісін кері шақырып алды Италия үкіметі кеше италиялық әскери теңізшілердің екі үнділік балықшыны атып өлтіруіне байланысты жаңа процессуалдық үзіліс пайда болуына орай наразылық белгісі ретінде өзінің Үндістандағы елшісін кері шақырып алды. Шарайна-3 Италия посол«Елші Даниэль Манчини Нью-Делиді шұғыл тастап шығады», – деп мәлімдеді Италия сыртқы істер министрлігінің өкілі. Оның сөзіне қарағанда, процесті Үндістан жоғарғы сотының кезекті рет созуы төзімді тауысатын жайт болып табылады. Мұндайға жол беруге болмайды. Италиялық әскери теңізшілер 2012 жылдың 15 ақпанында балықшыларды пираттарға балап, атып өлтірген еді. Қайғылы аяқталған концерт Оңтүстік Кореяның Кёнджу қаласындағы курорттық кешен ғимаратының құлауы кезінде құрбан болғандар саны 10 адамнан асып жығылады. Ғимарат құлап түскен кезде оның ішінде шамамен бірінші курстың 500 студенті болған. Қайғылы оқиғаға өткен аптада осы өңірге қардың әдеттен тыс көп жауғаны себеп болды делініп отыр. Салмақты көтере алмаған ғимарат құлап түскен. Соңғы мәлімет бойынша, 73 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алған. Араларында хал үстінде жатқандары да бар делінуде. Осы себепті құрбандар саны айтарлықтай артуы ықтимал. Жаза жеңілдеді ме, әлде... Үндістанның жоғарғы соты саясаткер Раджив Гандидің өліміне қатысы бар деп өлім жазасына кесілген үш сотталушының жазасын өмір бойы түрмеде отыру жазасымен алмастырды. Members of the National Freedom Front (NFF) hold up signs with images of Sri Lanka's President Mahinda Rajapaksa and Russia's Prime Minister Vladimir Putin (L) during a May Day march in Colombo May 1, 2012. REUTERS/Dinuka Liyanawatte (SRI LANKA - Tags: POLITICS CIVIL UNREST BUSINESS EMPLOYMENT)Олар «Тамил Иламаны азат ету жолбарыстары» деген қозғалыстың белсенді мүшелері болып табылады. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, енді елдің оңтүстігіндегі Тамилнад штатының билігі оларға рақымшылық жасауға құқылы. Қылмыстық істі қайта қарауға қол жеткізген адвокаттар аталған үшеудің 20 жылдан астам уақыттан бері түрмеде отырғандарын алға тартқан. Олардың пікірінше, осынша жыл түрмеде отырған оларға қатысты өлім жазасын орындау адамгершілікке жатпайды.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.