
Әлем чемпионатының 1\16 финалында бразилиялық Кено Мачадоға қарсы рингке шыққан Бек қарсыласының қарқынына ілесе алмай дал болды. Алғашқы екі раундта басымдықты уысынан шығарып алған ол үшінші раундта белсенді көрінген. Бірақ онысы жеңісті жұлып алуға көмектеспеді. Осылайша ұлттық құрама сапынан бірінші болып Бек Нұрмағанбет жеңілістің ащы дәмін татты.