Қызылордада өткен ширек финалдағы соңғы ойында «Қайсар» мен «Қайрат» командалары кездесті. Ойын барысында алматылық клубтан Вагнер Лав 76, Артур Шушеначев 88-минуттарда гол соқты.
Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Алғашқы ойында алматылықтар 3:0 есебімен басым түскен болатын.
Сондай-ақ, бүгін Қарағандының «Шахтері» өз алаңында «Таразды» 3:1 есебімен жеңді. Алғашқы кездесуде командалар 0:0 есебімен тең нәтиже көрсеткен еді.