Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 15 мың адамнан асты. Соңғы 7 күнде 190 адамның ауруға шалдыққаны анықталды. Бүгінде 400-ге жуық адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Өңірде жалпы 1 млн-нан астам адам ПТР-тесттен өткен. Инфекциялық төсектік орындар санының жүктемесі 37,2%-ға, карантиндік төсектік орынның жүктемесі – 2,6%-ға, жансақтау төсектік орындар санының жүктемесі 33%-ға қысқартылды.

Бұл деректер облыстағы санитарлық-эпидемиялық жағдай баяндалған аппараттық жиналыста айтылды. Коронавирус аурушаңдығы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан өңірде күнделікті тіркеліп отырған науқастар көрсеткіші де республикада төмен. Дегенмен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық карантиндік талаптарды қатаң сақтап, босаңсуға болмайтынын айтты.
«Босаңсуға болмайды. Қазір өздеріңіз білесіздер, Ресейде бұл ауру өcіп жатыр. Шекаралас аумақтар арқылы бізге де жететіні түсінікті жағдай. Осыған дейінгі жағдайлар қайталанбас үшін дайындалу керек. Вирусқа қарсы күрес шаралары қатаң сақталуы тиіс. Сосын мектептерде өте қатаң қадағалау орнату керек», деді облыс әкімі.
Коронавирусқа қарсы вакциналау қарқыны бойынша облыс елімізде алдыңғы қатарда. Ақпан айынан бастап вакцинаның 974 435 дозасы жеткізілді. Жалпы, 150 егу пунктінде І компонентпен – 972 382 адам (1-кезең бойынша вакциналау қамту пайызы – 92,0%), ІІ компонентпен – 873 912 адам (2-кезең бойынша– 82,5%) вакцина алған.
Ал биылғы III тоқсанның қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген алқа отырысында облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов эпидемиялық жағдай тұрақты екенін мәлім етті. Өңірде ана өлімі 28,4%, ал сәби өлімі 7,9%-ды құрайды. Осы орайда ана мен бала саулығын сақтап, халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жалғаса бермек. Мысалы, жуырда Түркістанда Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы 80 орындық перзентхананың құрылысы басталды. Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа «Ана мен бала орталығының» іргетасына капсула салды.
«Біз денсаулық сақтау саласының маңызды нысандарының бірі – Шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның Түркістан тұрғындары үшін қайырымдылық көмегі болып табылатын құрылыс алаңына капсула саламыз. Жобаны Түркістан облысы әкімдігі мен Абу-Даби даму қоры бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Бастама Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан Республикасы арасындағы тығыз тарихи байланыстар мен стратегиялық әріптестікті нығайтудың символы, сондай-ақ Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға және Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі болып табылады», делінген капсуладағы жазбада.
Еуропалық үлгіде салынатын заманауи перзентхананың құрылысы келер жылы аяқталады деп жоспарланған.
Сондай-ақ кеңейтілген отырыста басқарма басшысы облыс бойынша туберкулездің таралуы 100 мың тұрғынға 25,8% құрайтынын, балалардың арасында туберкулез 2,1 пайызға төмендегенін айтып өтті. Қалалық және аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар 82% интернетке қолжетімді, цифрландырумен толық қамтамасыз етілген.
Түркістан облысы
Елордада табысы аз отбасыларға әлеуметтік карта беріледі
Елорда • Бүгін, 16:02
Қаржы • Бүгін, 15:56
Нұр-Сұлтанда балаларға арналған жәрмеңке ашылды
Елорда • Бүгін, 15:43
БҚО мектептерінде 210 мұғалім жетіспейді
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Оқиға • Бүгін, 15:25
Алматының Түрксіб ауданында 13 ескі үй сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 15:17
Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық қырылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Мерей Базарбаев Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Күрес • Бүгін, 14:52
Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:39
Түркістанда танысын жұмысқа орналастырмақ болған алаяқ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:30
Алматыда 1560 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
«Анталия-Ташкент» рейсінің жолаушылары ұшақ бортында төбелесті
Оқиға • Бүгін, 14:12
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:01
Президент Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:55
Қазақстандық зілтеміршілер Ислам ойындарында 10 медаль иеленді
Ауыр атлетика • Бүгін, 13:38
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:52
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ұқсас жаңалықтар