Ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту, егеменді еліміздің болашағы – жас ұрпақты ұлттық дүниетаным негізінде тәрбиелеу, жас суретшілерге қолдау көрсету, олардың шығармашылығын шыңдау мақсатындағы іс-шара жастарға ерекше шабыт сыйлады.
Симпозиумның қорытындысы ретінде Төлеби аудандық мәдениет үйі алдында жас суретшілердің туындылары мен қылқалам шеберлерінің жаңа шығармалары қойылған көрме ұйымдастырылды. Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы бұл іс-шараның суретшілер қауымына серпін бергенін айтады.
Ал Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев пле-нэрдің суретшілер үшін ғана емес, жалпы тұрғындар үшін маңызды екенін жеткізді. «Сурет өнерінің қыр-сырын меңгерген мамандар Төлеби жерінде бас қосып, өзара пікір алмасып, шабытына шабыт қосты. Жанры және стилі әрқилы суретшілер басқосуының Төлеби төрінде өтіп жатқаны біз үшін ерекше қуаныш әрі мақтаныш. Алты күнге созылған «Бір өлке – бір сурет!» атты облыстық жас суретшілер симпозиумы жас таланттар үшін пікір алмасу алаңы ғана емес, тәжірибелі мамандардан үйрену, олардың ағалық ақыл кеңестеріне көңіл бөлу кезеңі болды», дейді аудан әкімі.
Пленэрге қатысқандарға аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың алғыс хаты мен Құрмет грамоталары, бағалы сыйлықтар, сондай-ақ симпозиумға қатысқан 16 жас суретшіге 50 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіліп, сертификаттар табыс етілді.
Түркістан облысы