Белград төрінде керілген шаршы алаңда 57 килограмм салмақтағы Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов екінші жекпе-жектерін өткізсе, +92 килограмм салмақтағы Нұрлан Сапарбай бірінші кездесуіне шығады.
Нұрлан Сапарбай күндізгі сессияда испандық Аюб Гадфа Дриссимен қолғап түйістірсе, Серік Теміржанов Реито Цуцуми (Жапония), Абылайхан Жүсіпов Кристиан Паласио (Венесуэла) жұдырықтасады.