Футбол • 28 Қазан, 2021

«Барселона» бас бапкерсіз қалды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның «Барселона» футбол клубының басшылығы 58 жастағы нидерландылық маман Рональд Куманды қызметінен қуды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барселона» бас бапкерсіз қалды

Куман «Барселона» футбол клубының тізгінін өткен жылдың тамыз айында ұстаған болатын. 2020/2021 футбол маусымында Рональд Куманның жетекшілігімен клуб Испания кубогын ұтқан. Сондай-ақ ла-лигада үшінші орын алған болатын.

Осы маусымда 15 ұпай жинаған әйгілі каталониялық ұжым турнир кестесінде тоғызыншы орынға орналасқан. Ал чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші орында тұр.