Жоба бірнеше кезең бойынша жүзеге асады: өтінімдерді қабылдау, іріктеу, қатысушыларды оқыту және даярлау, бизнес-жоспарлар марафонын өткізу.
Жобаның мақсаты өмір сапасының стандарттарын жетілдіруге, озық білім мен технологияларды елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне ықпалдастыруға бағытталған кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызы бар бизнес-бастамаларын қолдау болып табылады.
Байқаудың нәтижесі бойынша 10 финалист іріктелетін болады.
«Байқаудың 5-ші маусымының айырмашылығы, бұл маусымда жүлдегерлер болмайтындығында. Жобаның 10 финалисі үшін бизнес-періштелермен питч-сессиялар ұйымдастырылатын болады, олар перспективті стартаптарға 100 млн. теңгеден астам инвестиция салуға дайын», деді «Bolashaq» Қауымдастығының мүшесі, «Alawwal Partners» инвестициялық қорының басқарушы серіктесі Қаныш Тілеушін.
Жоба жүзеге асырылып жүрген уақыт аралығында байқауға 10 000-нан астам адам қатысып үлгерген. Бүгінігі таңда олардың көпшілігі жеке кәсіптерін игеріп алған.
Байқауға қатысуға арналған өтінімдер 22 қаңтарға дейін (қоса алғанда) онлайн www.startup-bolashak.kz сайтында қабылданады. Жеңімпаздардың аттары сәуір айында белгілі болады. «Startup Bolashaq» байқауының барысын реалити-шоу форматында көруге болады.
Байқаудың өтуі және өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты www.startup-bolashak.kz сайтынан және +7 7172 707 669 телефоны арқылы біле аласыздар.