Такси жүргізушісі 25 қазанда кешке адам ұрланғанын хабарлады. Оның айтуынша, төрт жігіт оның жолаушысын басқа көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.
«Такси жүргізушісінің айтуы бойынша бағытты анықтадық. Дереу «ұстап алу» жоспары енгізіліп, өңірдің жеке құрамы мен жақын маңдағы облыстардың полиция департаменттері жұмылдырылды», деп хабарлады полициядан.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 26 қазанда сағат 01.20 шамасында Қарағанды облысы Молодежное ауылының маңында күдікті көлікті Павлодар және Қарағанды облыстарының полиция қызметкерлері ұстады. 2000-2001 жылдары туған төрт күдікті ұсталды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», деді Мәсімов.