Қазақстан • 28 Қазан, 2021

ҚазБСҚА-ның құрметті президенті Әмірлан Құсайынов көз жұмды

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚазБСҚА-ның құрметті президенті, халықаралық білім беру корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Әмірлан Құсайынов көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚазБСҚА-ның құрметті президенті Әмірлан Құсайынов көз жұмды

27-ші қазанда ҚазБСҚА-ның құрметті президенті, ҚАУ негізін қалаушы, профессор Әмірлан Құсайынов қайтыс болды.

«ҚазБСҚА мен ҚАУ ұжымы көрнекті басшы, ғалым, прогрессивті жаңашыл педагог Әмірлан Айдарбекұлы Құсайыновтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне көңіл айтады», делінген ҚазБСҚА баспасөз қызметінің хабарламасында.

29 қазан Халықаралық білім беру корпорациясында аза тұту күні деп жарияланды.

Әмірлан Құсайынов 1957 жылы 25 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

1979 жылы Мәскеулік МИСИ ПГС факультетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша үздік бітірді.

Еңбек жолын 1983 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтында бастап, «Құрылыс механикасы» кафедрасының аға ғылыми қызметкері, ассистенті, доценті болып жұмыс істеді. Сонымен қатар ол «Құрылыс механикасы» кафедрасының меңгерушісі, ҚазБСҚА ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының ректоры болды. 2002 жылдан бастап ҚазБСҚА президенті болды. Ал 2020 жылы ҚазБСҚА-ның құрметті президенті атанды.