Оқиға • 28 Қазан, 2021

Алматыда оқушы 11 қабаттан секіріп кетті

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Алматыда мектеп оқушысы 11 қабаттан секіріп кетті деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда оқушы 11 қабаттан секіріп кетті

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп әкімшілігі ақпаратты растады.

«2021 жылғы 28 қазанда оқушы оқудан тыс кезінде жазатайым жағдайға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты бере алмайды», деп хабарлады білім мекемесі.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлім етті.

«Оқиғаның себептері мен мән-жайы өндіріс барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп хабарлады полициядан.