Қоғам • 28 Қазан, 2021

Пенжімдегі төбелес: ҚХА өкілі пікір білдірді

557 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облысындағы жаппай төбелеске байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пенжімдегі төбелес: ҚХА өкілі пікір білдірді

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі Майя Бекбаева арнайы мәлімдеме таратты.

«Құрметті қазақстандықтар! Кеше күндізгі уақытта Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылының жергілікті мектебінде екі жоғары сынып түлектерінің арасында келіспеушілік туындап, оқушылар арасында төбелеске ұласты. Өкінішке қарай, төбелес барысында оқушылардың бірі зардап шекті, оған қажетті көмек көрсетілді. Ол қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында», деді Ассамблеяның ресми өкілі.

Оның айтуынша, кешке ауылда жергілікті тұрғындар жиналып, мектеп аумағында болған жаппай төбелес салдарынан аталмыш жағдайдың орын алуына байланысты наразылық білдірген. Сонымен қатар кейбір жасөспірімдер мен жастар эмоцияның және арандатушылардың әсерінен бірнеше жеке үй мен көліктердің әйнегін сындырған.

«Ауыл тұрғындары арасында, этносаралық негізде қандай да бір жанжалдың, әсіресе қақтығыстардың жоқ екендігін және оған жол берілмейтіндігін ерекше атап өткім келеді.

Жергілікті тұрғындар - қазақтар да, ұйғырлар да көп жылдар бойы бірге тұрып келеді, бір бірінің достары мен көршілері. Оның барлығы шын жүректен бейбітшілік пен тыныштықты қалайды. Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Қоғамдық орынбасары Зәкіржан Күзиев, ҚХА хатшылығы және облыстық ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы М.Батырбеков және «Қоғамдық келісім» КММ директоры қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Олармен бірге ақсақалдар, жигит-беши, азаматтық қоғам өкілдері жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Пенжім ауылындағы жағдай тұрақты», деді Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі Майя Бекбаева.