
Талай аламанда топ жарған кубалық боксшы 1\32 финалда сүрінді. 60 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан оны жапониялық Хаято Цуцуми тоқтатты. Бұған дейін Куба құрамасы сапынан екі дүркін Олимпиада чемпионы Рониель Иглесиас Сотолонго жарысты аяқтаған болатын.