Елорда • 28 Қазан, 2021

Елордада вакцинация пунктерінің бірі жабылады

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығындағы коронавирусқа қарсы азаматтарды егу пункті жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада вакцинация пунктерінің бірі жабылады

Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, вакцинация пункті өз қызметін осы жылдың 1 қарашасында аяқтайды.

«Жазда адамдардың көптеп келуі кезеңінде егу пунктерін қаланың 11 сауда кешеніне орналастырдық. Бұл оң нәтиже берді және біз вакцинациямен халықты барынша қамтыдық. Қазіргі уақытта вакциналауға жататын халықтың басым бөлігі егілгендіктен, сауда кешендері базасында егу пунктерін ұйымдастырудың аса қажеттілігі жоқ. Бірақ мұндай қажеттілік пайда болған кезде біз әрқашан пунктерді қайтадан ашуға дайынбыз», деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасында.

Ақпаратқа сәйкес, елордада бүгінге дейін сауда, ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлері жанындағы вакциналау аймақтарында 100 мыңнан астам адам егілді.

Қалада әзірге 5 сауда нүктесінде егу пунктері жұмыс істеп тұр - «Хан Шатыр» СОО (1 қарашаға дейін), «Керуен», «Абу Даби Плаза», «Азия Парк» және «Евразия» сауда үйі. Жалпы астанада вакцинаның бірінші компонентін 444 мыңнан астам азамат алды, 410 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті.