06 Мамыр, 2010

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

540 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
13 600 000 000 Үстіміздегі жылы өңірге “Жол картасы”  бағдарламасымен осыншама қаржы  қаралған Халықтың әлеуметтік жағ­дай­ын жақсарту, жұмыспен қамту ба­ғытымен өңірде өткен жылы нәтижелі жұмыстар атқарыл­ға­нын айтуға болады. Бұл жұмыс ағымдағы жылы да жалғасын тауып, “Жол картасына” 13,6 млрд. теңге қаралып отыр. Биыл инвестициялық бағыт бой­ын­ша 12,7 млрд. теңгенің жұ­мы­сы атқарылып, 220 жобаның тия­нағы келтірілмекші. Нәтижесінде, әлеуметтік жұмыс орнын ашуға 384 млн., мамандарды қайта оқы­туға 562 млн. теңге қаржы қарас­тырылған. “Дайындау және қайта оқыту” бағдарламасымен 4500 адам жаңа кәсіпті игеріп, екі қолға бір жұмыс табатын болады. Халықты әлеуметтік жұмыс орнымен қамтамасыз ету мақ­сатында  243 мекемемен келісім-шарт жасалса, қазірдің өзінде 1044 адам еңбекпен қамтылған. Бұлардың қатары енді 3300-ге көбейіп, мыңдаған адамның әлеу­меттік мәселесі оң шешілмекші. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. 722  000  000 Осыншама теңгеге спорт нысандарын жөндеу басталып кетті Қарағанды аймағы бұқаралық спорттың жақсы дамуымен та­нымал. Елбасы Жолдауында алға қойылғандай, оған тұрғындарды кеңінен қамтуға мүмкіндіктер  жа­сала түсуде. Бұл бағытта ағым­дағы жылы атқарылар жұмыстар ауқымды болғалы отыр. Соның негізгісі, тиісті нысандарды жөндеу-жаңарту болып табылады. Былтыр “Жол картасы” шең­берінде осы мақсатта 441 мил­лион теңге игерілсе, биыл сол үшін бөлінген қаражат екі есеге жуық артық, яғни 722 миллион теңгені құрайды. Теміртаудағы “Жастар” жүзу бассейні, Жез­қаз­ғандағы ескек есу базасы, Ақ­то­ғай, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандарындағы стадиондар қайтадан түрленетін 9 спорттық нысанның қатарына жатады. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды облысы. 250 800 000 Батыс  Қазақстан облысында биылғы бірінші тоқсанда осыншама теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылғыдан 4,9 пайызға артық. Статистикалық деректерге сәйкес соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде 229,5 млрд. тең­ге­нің өнімі шығарылып, бұл өткен жылғы бірінші тоқсандағыдан 6,2 пайызға асып түсті. Бұл табиғи газдың 9,6, газ конденсаты өн­ді­рісінің 5,7 пайызға көбеюінен болып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде 13,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылғы деңгеймен са­лыстырғанда 91,1 пайыз. Мұның үштен бірінен астамын немесе 34,1 пайызын азық-түлік өнімдері құрайды, бұл салада 4,6 млрд. тең­генің өнімі шығарылды. Соның ішінде күнбағыс майы – 5,8, балық  2 есеге, ірімшік пен сүзбе – 27,1, макарон өнімдері 16,0 пайызға артты. Бірінші тоқсанда металл өң­деу – 7,9, мәшине жасау  3,4 есе­ге, тоқыма өнімдері 23,2 пайызға өсті. Темір ҚҰСАЙЫН. ОРАЛ.