Қазақстан • 29 Қазан, 2021

Жастарды жігерлендіретін бейнебаян

277 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушылар жобаны іске асыру кезінде өзін өзі дамыту мен мақсатқа жетудегі табысты жанның үлгісін көрсете білді. Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы «Елбасы академиясы» жүзеге асыратын жоба жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама саналады.

Жастарды жігерлендіретін бейнебаян

Жоба қатысушылары 6-18 ай ішінде спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхаттар, еңбек тәжірибесі сынды 7 бағыт бойынша тапсырмалар орындайды. Жобаның үздік қатысушылары жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алады.

Жобаның белсенді елор­­далық қатысушылары «Елбасы медалінің» көптеген бағы­ты мен құндылығын көрсе­тетін «Бәрінен мықты» мотива­ция­лық бейнебаянын дайындады. Ролик балаларды мақсат қоя білуге, өзіне сенімді әрі белсенді болуға, спортпен шұғылдануға үндейді. Жастар әннің сөзі мен әуенін жазып, биін де ойлап тапқан. «Қазіргі таңда табысқа жету мен елдің дамуы­на үлес қосу үшін бейнебаянда көрсеткен талаптарға сәйкес болу керек. Бұл туынды – елдің болашағына негізделген құндылықтарды бейнелейтін біздің және мемлекет жетіс­тігінің көрінісі. Сол себеп­ті, шығармашылық жұ­мы­сы­мызды Қазақстан Тәуел­сіз­дігінің 30 жылдығына арна­дық», дейді жобаға қатысушылар.

Жоба басталғанға дейін қа­ты­су­шылар қола, күміс немесе алтын деңгейді таңдап, 6 айдан 18 айға дейінгі бағ­дарламаны бастауы керек. Белгіленген бағыт бойын­ша тапсырманы орын­дап, қатысу­шылар апта сайын есепті сайтқа жүктейді, ал оны тәлімгер тексереді.

«Елбасы медалі» жобасына екі жылда еліміздің әр өңірінен 20 мыңнан астам адам қатысты. Екі жыл ішінде Елбасының 4120 қола және 8 күміс медалі табыс етілді. Қазақстан жоғары оқу орындарына білім гранттарын тағайындау кезінде медаль иегері артықшылыққа ие болады (ҰБТ балы тең болса, Елбасы медалінің иесіне басымдық беріледі). Мысалы, 2021 жылы 605 медаль иесі білім грантын алды, оның 30%-дан астамы – ауыл мектебінің түлектері.