Әлем • 29 Қазан, 2021

Қытайда «Ақ қағаз» таныстырылды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай климаттың өзгеруімен күресу мақсатында қарқынды дамып келе жатқан жаңа энергетикалық индус­трияны қазбалы емес энергетикамен қамтамасыз етіп, ауаға таралатын кө­мір­қышқыл газын азайтуды көздейді.

Қытайда «Ақ қағаз» таныстырылды

Бұл мәселе өткен аптада Мемлекеттік кеңестің ақпарат кеңсесі ұйымдастырған баспасөз мәсл­и­хатында айтылды. Жиын барысында «Климаттың өзгеруіне қарсы тұру: Қытайдың саясаты мен әрекеттері» жөніндегі «ақ қағаз», яғни саясатты түсіндіретін мемлекеттік хабарлама таныстырылды.

Қазіргі таңда Қытайға қажетті энергетикалық қуаттың 53,3 пайызы қазбалы отындардан өндіріледі. Жоғарыда аталған құжатқа сәйкес қазбалы емес энергияның үлесі өткен жылы 15,9 пайызға дейін көтерілген. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға жоғары.

Сонымен қатар 2005 жылмен салыстырғанда күн энергиясының қуаты 3000 есе, жел энергиясының қуаты 200 есе өскен. «Ақ қағазда» Қытай қуат тиімділігін арттырып, жаһандық энергияны үнемдеуге үлкен үлес қосып отырғаны айтылған.