19 Ақпан, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №57

364 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2014 жылғы 4 ақпан,  Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік кұралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте: 14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «дизельдік отында жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқыштары бар М3, N2 және N3 санатты автокөлік құралдарына 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.». 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының экологиялық кластардың талаптарына сәйкестігін растау Техникалық регламентке 4-қосымшаны ескере отырып жүзеге асырылады.»; көрсетілген регламенттегі 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 57 қаулысына қосымша Техникалық регламентке 4-қосымша

Автокөлік құралдарының және іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына байланысты 2, 3, 4 және 5 экологиялық кластар бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі Автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел Экологиялық кластар талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылдары 2-класс 3-класс 4-класс 5-класс Еуропалық Одаққа кіретін*, бензин қозғалтқыштары 1997-2000 2001-2004 2005-тамыз 2009 М1-3 санаты, N1 - 2009 қыркүйегі және кейінірек N2 санаты – 2010 қыркүйегі және кейінірек N3 санаты - 2008 қазаны және кейінірек Еуропалық Одаққа кіретін*, дизельдер 1997-2001 2002-2004 2005-тамыз 2009 М1-3 санаты, N1 - 2009 қыркүйегі және кейінірек N2 санаты - 2010 қыркүйегі және кейінірек N3 санаты – 2008 қазан және кейінірек АҚШ 1996-2000 2001-2005 2006 және кейінірек - * * Жапония 1998-2004 2005-2010 2010 және кейінірек - Үндістан 2005-2009 2010 - - Малайзия 2003 - - - Қытай 2004-2007 - - - М3 санаты 2012 қаңтар және кейінірек Корея 2001-2002 2003-2005 2006 және кейінірек - Ресей 2006-2007 - 2010 және кейінірек - Өзбекстан 2007-2009 2012 және кейінірек - - Беларусь 2007 - - - Украина М санаты – 2006 - - - N санаты – 2007 Ескертпе: * Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Хорватия және Эстония кіреді; * * 1) «3-класс», «4-класс» және «5-класс» кестелеріндегі (-) сызықша осындай автокөлік құралдарының экологиялық класқа сәйкестігін растау Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келісімі) аясында берілген құжат (БҰҰ ЕЭК ережесі негізінде конструкцияның типі бойынша ресми бекіту) негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді; 2) автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел «Қытай» бойынша 4-экологиялық класс М3 санаты бойынша 2012 жылғы қаңтардан бастап және кейінірек, ал басқа санаттағы автокөлік құралдары (-) сызықша үшін белгіленген тәртіпке сәйкес анықталады. Осы қосымша сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдар сәйкестікті растау ресімдерін өткізген кезде қолданылады.