Аймақтар • 29 Қазан, 2021

Павлодар ауруханасындағы өрттен 112 бала құтқарылды

7287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық балалар ауруханасында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар ауруханасындағы өрттен 112 бала құтқарылды

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өрт дабылы 29 қазан күні сағат 03:36-да облыстық балалар ауруханасының ғимаратында іске қосылған.

«Қызметкерлер болған оқиға туралы өрт сөндіру қызметіне және жедел медициналық көмек қызметіне, сондай-ақ оқиға орнына шұғыл келген аурухана басшылығына хабарлады. Оқиға орнына келген соң, Нұркин көшесі, 75 мекенжайындағы инфекциялық стационардың «А» корпусындағы 1-ші бөлімшенің бірінші қабатындағы санитарлық өткізу пунктінде түтін ошағы табылды, соның нәтижесінде дәлізде түтін шықты», деп хабарлады Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствода «палаталарда түтін болған жоқ, себебі олар бокс түрінде жобаланған» деп сендірді.

«Оқиғаға дейін бір жарым сағат бұрын «ПРЭК» ЖШС балансындағы ТП-463-тен берілетін инфекциялық стационарда электр энергиясы ажыратылды. Авариялық бригада шақырылды. Мүмкін, бұл оқиға электр желісіндегі кернеудің төмендеуіне себеп болған шығар», дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастар  «А» корпусынан 150 м жерде орналасқан «Б» корпусына қауіпсіз жерге жедел көшірілді.

Нәтижесінде, 112 бала, 76 күтім тұлғалары эвакуацияланды. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.