Аймақтар • 29 Қазан, 2021

Өскеменде басы жарылған ер адамның денесі табылды

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында басы жарылған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде басы жарылған ер адамның денесі табылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мәйіт кеше қаладағы шаштараздың бірінің маңынан табылған.

«102» жедел арнасына хабарласқан қала тұрғын басы жарылған ер адамның мүрдесі жатқанын жеткізген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетіп, көп ұзамай марқұмның кім екендігі белгілі болды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

52 жастағы азаматтың қатты соққыдан көз жұмғаны анықталған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.