19 Ақпан, 2014

Еліміз банктері туралы жалған ақпарат таратқандар анықталды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-02-SmsҚазақстандық банктердің банкротқа ұшырайтындығы туралы жалған ақпарат таратқан бірнеше адам анықталды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Бүгін, Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков осындай мәлімдеме жасады.«Банктердің қаржылық ахуалы жөніндегі ақпараттарға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іздестіру шаралары жүргізілуде. Бірқатар тұлғалар анықталды және оларға қатысты тексеру шаралары басталды», - деді ол сөз орайында. Жалпы, Бас прокуратураның мәлімдемесіне жүгінсек, соңғы күндері әртүрлі коммуникация құралдары арқылы (әлеуметтік желілерді қоса алғанда интернет-хабарламалар, sms) «Kaspi bank», «Банк ЦентрКредит» және «Альянс Банк» банкрот болу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таралған.Осы хабарламалар аталған банктердің салымшыларын дүрліктіріп, елдегі қаржы институттарына деген тұрғындардың сеніміне селкеу түсірді. Ал шындығында,таратылып жатқан мәліметтер көрінеу жалған және банк ахуалын тұрақсыздандыруға бағытталған.

 Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті арыздардың негізінде банктердің қаржылық ахуалы жөніндегі жалған ақпаратқа қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау жөніндегі жедел-іздестіру шараларын кешенді түрде жүргізуде. Ол бойынша қылмыстық істі қозғау мәселесі де қарастырылуда.

Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы.

Фото: «Қазақстан» телеарнасы.