Болжам бойынша, қараша айы суық болады.
«Қазанның көп бөлігі қазақстандықтарды жылы күндермен қуантты. Ал күздің соңғы айы шуақты болмайды, тіпті оңтүстік өңірлер де нағыз күзгі ауа райын сезінеді: демалыс күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклон әсер ететін болады, ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі. Жел күшейіп, солтүстік облыстарда бұрқасын мен көктайғақ, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтіледі», делінген хабарламада.