Тағайындау • 29 Қазан, 2021

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

850 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Бауыржан Айнабеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Жаңа басшыны ұжымға ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы таныстырды.

Бауыржан Қазбекұлы Айнабеков Қызыл ту еңбек орденінің ауылшаруашылық институтын, Үздіксіз білім беру Алматы университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Алматы облысы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы болып бастаған. 1995 жылдан бастап Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2019 жылдан 2021 жылдың қазан айына дейін Павлодар облысы бойынша МКД басшысының орынбасары қызметінде болды.

Абзал Бейсенбекұлы Бауыржан Айнабековке алға қойылған міндеттерге табысты қол жеткізуін тіледі.