20 Ақпан, 2014

«Ең көкейкесті әлеуметтік мәселелер рейтингі»

1015 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінің ақпараттық анықтамасы 2013 жылдың 13 қарашасынан 22 желтоқсанына дейін «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат инс­титуты «Ең көкейкесті әлеуметтік мәселелер рейтингі» әлеуметтік зерттеуін жүргізді. «Нұр Отан» партиясындағы жаңару мақсатты-жобалық жұмыс принципін енгізуге мүмкіндік туғызды. Және Қоғамдық саясат институты әр жобаны қажетті ақпарат және сарапшылардың кеңесімен қамтамасыз ету үшін «ақылдасу орталығы» болуға ықыласты. Бұл зерттеулер институттың осы бағыттағы маңызды қадамы бол­ды. Салыстырмалы түрде алғанда, еліміздегі ең көкейкесті мәсе­ле­лерге байланысты қоғамдық пікір партияның күн тәртібін бе­л­гі­леу мен оның жобаларын жүзеге асырудағы жұмысының негізін құрайтын болады. Респонденттердің саны – Қазақ­станның барлық аймақ­тарындағы және республикалық деңгейдегі маңызы бар қалалардағы 16 мен 68 жас аралығындағы 1600 адам. Сауалдамаға қатысқан қала­лық­тардың үлес салмағы – 55%,  ауыл мен село тұрғындарынікі – 45%. Сауалдамаға қатысушылардан тұрғылықты жеріндегі мәселелерге қатысты жауап алынғанда, азамат­тардың 52 пайызы оның ең өзектісі ретінде коммуналдық қызмет бағаларының жоғарылығын атады. Аймақтардың ішінде тарифтің қымбаттығы, әсіресе, Батыс Қазақ­стан облысының тұр­ғын­дарын қатты алаңдатады – 81%, 2-орында Алматы қаласы – 76%, Қостанай облысында бұл көрсеткіш – 74%. Бұл – елдегі қорытынды нәтиже бойынша үшінші орын. Бірінші кезекте қажет тауарлар бағасының жоғарылығы мен табыстың төмендігін (айлық, зейнетақы, шәкіртақы) сұхбат берушілердің 46 және 40%-ы белгіледі. Бірінші кезекте қажет тауарлар бағасының қымбаттығы, әсіресе, Батыс Қазақстан облысында өзекті болып табылады, аймақ тұрғындарының 80%-ы оны ең өткір мәселе ретінде атаған. Бұл көрсеткіш қорытындысының нәтижесі бойынша екінші болып Солтүстік Қазақстан облысы тіркелді, айырмашылығы 9-орынды құрайды – 71%. Табыстың төмен­дігін айтқан сұхбат беруші­лердің ең жоғары пайызы Маңғыс­тау облысында – 62%, Қарағанды және Жамбыл облысында сұралған­дардың 58%-ы оны ең өткір мәселе ретінде атады. Жоғарыда аталғандардан бөлек, азаматтарды толғандыратын ең өзекті проблемалардың бестігіне жұ­мыссыздық пен тұрғын үй мәселесі (баспананың жоқтығы, бұл саладағы мемлекеттік бағдарла­маның тиімсіздігі) кіреді. Бір айта кетерлігі, жұмыссыз­дық мәселесі еліміздің оңтүстік аймағының тұрғындарын көбірек толғандырады: Жамбыл облысы – 69%, ОҚО – 51%, Алматы қаласы – 42%, Алматы облысы – 37%, Қызылорда облысы – 31%. Сауалдамаға қатысушылардың 40 және 42%-ы Астанадағы және Ақмола облысындағы тұрғын үй мәселесінің өзектілігін атап өткен. Сондай-ақ, респонденттер­ге жолдардың сапасыздығы (25%), экологиялық ортаның қо­лай­­сыздығы (20%), 45 жастан ке­йін жұмысқа тұрудың қиын­ды­ғы (19%), денсаулық сақтау сала­сындағы проблемалар (19%), бала­бақшалардың жетіспеушілігі (18%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының проблемасы (15%), аналарға, мүгедектерге, балалар үйіне әлеуметтік қолдау көрсетудің төмендігі (15%) сияқты жауаптардың нұсқасы ұсынылды. «Егемен-ақпарат».