Аймақтар • 30 Қазан, 2021

Қаржы министрі іссапармен Түркістан облысына барды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Түркістан облысына барды. Ол «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды көріп, әлеуметтік нысандарды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы министрі іссапармен Түркістан облысына барды

Іссапар барысында Қаржы министрі Ордабасы, Бәйдібек, Қазығұрт аудандарының білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының жай-күйімен танысты. Сондай-ақ Е.Жамаубаев Шымкент қаласында аудан, қала әкімдерінің және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен қорытынды отырыс өткізді.

Ол өз сөзінде  «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға облыс бюджеті үшін ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 14,9 млрд. теңге бөлінгенін атап өтті.