Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайыновты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ә.Құсайынов Мемлекет басшысын кәсіподақтардың қазіргі қызметі, жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары және кәсіподақ қозғалысын дамыту перспективалары туралы хабардар етті.
Қазақстан Президенті өңірлерде кәсіподақтардың белсенді жұмыс жүргізу қажеттігіне және олардың әлеуметтік серіктестік аясында барлық мүдделі тараптармен өзара ықпалдастығының маңыздылығына назар аударды.
– Кәсіподақтардың негізгі міндеті – еңбеккер мен жұмыс берушілер арасында туындайтын мәселелерді дер кезінде шешу, ал ол үшін кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдары барлық тараптармен тығыз ынтымақтастықта болуға тиіс. Бұл ретте жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік үнқатысудың жаңа түрлерін дамыту маңызды, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
Федерация төрағасы жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік серіктестіктегі кәсіподақтар қозғалысының рөлін арттыру, сондай-ақ, әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу мақсатын көздейтін кәсіподақтар туралы жаңа заңды әзірлеу барысы туралы да айтты.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
• 20 Ақпан, 2014
Кәсіподақтар – әлеуметтік үнқатысудың маңызды саласы

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше