Өнер • 30 Қазан, 2021

Димаштың әні үздік жиырмалыққа енді

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қанат Айтбаев қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Billboard Hot Trending Songs» чартында үздіктер қатарынан көрінгенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаштың әні үздік жиырмалыққа енді

«Сіздердің дауыс беріп қолдау көрсеткендеріңіз үшін айрықша алғысымды білдіргім келеді», деп жазды әншінің әкесі Қанат Айтбаев өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында қуанышымен бөлісіп.

Димаш орындайтын ән аталмыш чартта дәл қазір он тоғызыншы орынға орналасыпты. Ал 18 орынға табан тіреген ұлыбританиялық әнші Adele бар болғаны 500 дауыс артық жинаған. Осыған қарап-ақ Димаш алдағы уақытта рейтингте жоғарылауы мүмкін екенін түсінеміз.