Аймақтар • 30 Қазан, 2021

Шымкент үшін «Көмешбұлақ» магистралды су құбырының маңызы зор

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмыс кестесіне сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Көмешбұлақ» магистралды су құбыры құрылысы басындағы жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент үшін «Көмешбұлақ» магистралды су құбырының маңызы зор

Биылғы жылы қала халқын сапалы сумен қамтамасыз ету мақасатында инфрақұрылымды жетілдіруге 16 млрд. теңге бағытталған. Бұл қаражат сапалы сумен қамту үшін 3 магистральдық желінің құрылысына, ауыз суды тасымалдауға байланысты 7 елді мекенді сумен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етуге және кесте бойынша ауыз су берілетін 2 елді мекенде сумен жабдықтаудың орамішілік желілерінің құрылысына салынған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл соңына дейін 25 мың қала тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Қаланы сумен жабдықтау желілерімен қамту көрсеткіші қазіргі 95,6% - дан 98% - ға дейін артады.

987

Қала басшысы құрылыс алаңында мемлекеттік органдардың жауапты басшыларымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында ел тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша нақты міндет қойылғаны атап өтілді. Мемлекет басшысының аталмыш тапсырмасына сәйкес, Шымкентте 2023 жылға дейін қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 100% - ға дейін жеткізу жоспарлануда. Қала әкімі алға қойылған міндеттердің маңыздылығын атап өтіп, орындалатын жұмыстардың сапасын ерекше бақылауда ұстауды, нысандар құрылысының белгіленген мерзімде аяқталуын қадағалауды тапсырды.