
Әрине, «Қызылжардың» жоспарын Қарағандының «Шахтер» футбол клубы жоққа шығарғысы келеді. Қазақстан кубогының жартылай финалына жолдама алған қарағандылықтар аталмыш сында топ жарса, «Қызылжарды» Еуропаның клубтық жарысынын тыс қалдырып, жолдаманы қалтасына басады. Ал «Шахтер» Қазақстан кубогын ұта алмаса, «Қызылжардың» бағы жанады.