20 Ақпан, 2014

Қақтығыс құрбаны 30 адамға жетті

337 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шарайна

Киевтегі қақтығыстан қаза тапқандар мен жараланғандар саны өсіп барады. Соңғы ақпараттарға қарағанда, 18 ақпандағы тәртіпсіздік салдарынан құрбан болғандар қатары 30 адамға жеткен. Шар-1Украина денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 8 адам қалалық денсаулық сақтау мекемелеріне жатқызылғаннан кейін, 4 адам ІІМ-нің госпиталінде қайтыс болған. Қаза тапқан тағы 13 адам Киевтегі сот-медициналық сараптама бюросының клиникасына жеткізілген. Сондай-ақ, кеше ертеңгісін 350-ден астам зардап шегуші медициналық көмекке жүгінген. Олардың 240-ы ауруханаға жатқызылыпты. Дерек көздері бойынша, жарақаттанғандардың 80-ге жуығы құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Жарақат алғандардың арасында бес журналист және Жоғарғы Радаға «Батькивищина» партиясынан депутат болып сайланған В.Пазиняк бар. Қазіргі кезде қақтығысқа қатысушы тараптар бірін-бірі атыс қаруын пайдаланды деп айыптауда. Аргентинада метеорит жарылды Аргентина аумағының әуе кеңістігінде, дәлірек айтқанда, Санта-Фе провинциясында метеорит жарылған. Бұл ақпаратты жергілікті обсерватория қызметкерлерінің айтқандарына сілтеме жасай отырып «Франс-пресс» агенттігі хабарлады. Жарылыс болғаны жөніндегі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де түскен. Санта-Фе провинциясы Буэнос-Айрестен 350 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Көргендердің айтуынша, алдымен көз қарықтырар жарық көрініпті, артынша күшті жарылыс болған. Жарылыстан тараған толқын жерді және үйлерді дірілдетіп жіберген. Бір жақсысы, жарылыстан ешкім зардап шекпепті.

Қысқа қайырып айтқанда:

* Швеция сыртқы істер министрі Карл Бильд: «Турасын айту керек, Киевтегі өлімдер мен зорлық-зомбылық жауапкершілігі президент Януковичтің мойнына артылады. Оның қолы қанға малынды» деп мәлімдеді. * Америкалық бұрынғы конгрессмен Мелвин Джей Рейнолдс порнографиялық суреттерді сақтады және көші-қон заңнамасын бұзды деген күдікпен ұсталды. * АҚШ-тың федералды резерв жүйесі осы елдің рыногында жұмыс істейтін шетелдік банктер үшін аса қатаң ереже қабылдады. Енді олар да америкалық банктер сияқты жұмыс істейтін болады. * Екі күн бұрын «Ансар Бейт әл-Макдис» исламшыл тобы туристердің 20 ақпанға дейін Египетті тастап шығуын талап еткен еді. Осы елдегі ресейлік 70 мыңдай турист бұл ескертуді елемейтін сияқты. Берлускони ажырасатын болды Италия соты елдің бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлусконидің зайыбы Вероника Лариомен ажырасу жөніндегі процесті аяқтады. Шар-2Ажырасқаннан кейін Берлусконидің В.Лариоға қаншалықты сомада алимент төлейтіні қазірше нақты анықталмаған. Алғашында оның мөлшері айына 3 миллион еуро деп қарастырылған еді. Бірақ, өткен жылдың қазанында Монце соты алимент көлемін 1,4 миллион еуроға дейін қысқартқан болатын. Бұл екеуі некеде 22 жылдан астам уақыт бірге тұрды. Сноуден ректорлыққа сайланды АҚШ арнайы қызметінің экс-қызметкері Эдуард Сноуден Глазго университеті студенттерінің ректоры болып сайланды. Бұл қызметті ол Ресейде тұрып-ақ атқаруына болады. Шар-3Глазго университетінің студенттері өз ректорын үш жылда бір рет сайлайды. Ереже бойынша ректорлық қызметке белгілі саясаткерлер немесе қоғам қайраткерлері ұсынылады. Бұған дейін ректорлыққа Нельсон Манделаның бұрынғы әйелі Винни Мандела, сондай-ақ, израильдік физик Мордехай Вануну сияқты тұлғалар сайланыпты. Өткен жылдың соңында Сноуден өзінің адвокаты арқылы осы қызметті атқаруға дайын екенін білдірген көрінеді. Миссионердің қайда екені белгісіз Солтүстік Кореяның құқық қорғау органдары 75 жастағы австралиялық миссионер Джон Шортты ұстап әкеткен. Ол Пхеньянға туристік топпен келген екен. Шортты 16 ақпанда кешкісін өзі түскен қонақүйде ұстаған. Туристік компания өкілдерінің айтуынша, КХДР билігі миссионердің не үшін ұсталғаны және оның қай жерде екені жөніндегі сұрау салуларына жауап бермей отыр. Шорттың зайыбының сөзіне қарағанда, миссионер бұл елге корей тіліне аударылған христиандық әдебиеттерді ала келіпті. Бар мәселе осы әдебиеттерге байланысты болса керек. Құпия нысанда акция өткіземін деп... Чикаго соты 84 жастағы діндар тақуа Меган Райсты ядролық нысандардың бірінде қарсылық акциясына қатысқаны үшін үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Шар-4Ол 2012 жылдың шілдесінде үш адам болып, Теннесси штатындағы ерекше күзеттегі уран сақталатын кешенге жасырын кіріп, сол жерде қарсылық акциясын ұйымдастырған. Олар екі сағат өткеннен кейін ұсталған. Осы аралықта акцияға қатысушы әлгі үшеу ядролық қаруға қарсы плакаттарды іліп, кешен қабырғаларына адам қанын шашып үлгеріпті. Қалған екеуіне сот бес жылдан түрмеде отырғызу жазасын тағайындады. Интернет материалдары негізінде әзірленді.