Аймақтар • 30 Қазан, 2021

Жасөпірімді қаққан әйел ұсталды

597 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер қырағылық танытты. Атыраулық полицейлер жасөспірімді қағып, оқиға орнынан із суытқан жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасөпірімді қаққан әйел ұсталды

«29 қазан күні сағат 21:30 шамасында Атырау қалалық полиция басқармасының «102» операторына қала тұрғыны қоңырау шалған. Ол Сатыбалдиев көшесіндегі «Өркен» шағын ауданында «BMW» маркалы автокөлік жол жиегінде жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлаған. Аталған факті бойынша жедел басқару орталығының патрульдік полициясы және бейнебақылау қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 16 жастағы жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші әйелді анықтады. 33 жастағы азаматша өзінің кінәсін мойындап, оқиға орнынан қорқыныштан жасырынғанын айтты», делінген облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полицейлер ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.