Аймақтар • 30 Қазан, 2021

Жаздан бері іздеген ұлының мәйітін тапты

1593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы маңындағы жазық даладан жаздан бері хабар-ошарсыз кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Жаздан бері іздеген ұлының мәйітін тапты

Теміртау қаласының 37 жастағы тұрғыны ағымдағы жылдың 4 шілдесінен бастап іздестіруде болған. Оның анасы полицияға жоғалғаны туралы хабарлаған да болатын.

«Осы жылдың 10 шілдесінде Теміртау қаласының Шығыс полиция бөліміне облыстың 61 жастағы тұрғынының өтініші келіп түскен. Өз мәлімдемесінде әйел осы жылдың 4 шілдесінде үйден кеткен 37 жастағы ұлы оралмағанын жеткізген. Өтініш тіркеліп, ер адамның тұрған жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары басталған. 21 қазанда Теміртау маңындағы даладан мәйіт табылды. Оны туыстары таныды. Ол жаздан бері іздестірілген азамат болып шықты», дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

37 жасар азаматтың қандай жағдайда көз жұмағаны әзірге нақтыланған жоқ.