Мұнда наурыз айының аяғына дейін акция жүреді
Теңгенің айырбас бағамы өзгергелі бері азық-түлікке, күнделікті өмірге қажетті заттарға баға көтеріледі деген әңгімелер дүрлігіп барып басылғандай. Адамдардың денсаулығы, ол үшін жасалатын профилактикалық жұмыстар, санаторлық демалыстың маңызы неден кем? Денсаулық болса қандай жүкті де нардай көтеріп, Сырдың суы сирағынан келмейтінін қазір адамдар жақсы түсінеді. Мемлекеттің күшті болуы да денсаулығы мықты ұрпақ өсіруге байланысты. Мыңжылдық қарағайлар арасында орналасқан «Сосновый бор» санаторийі наурыз айының аяғына дейін созылатын акциясын осы тұрғыдан өткізіп отыр.
– Көктем мен қыс мезгілдерінің ауысатын тұсын аталарымыз «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезі» деген ғой. Бұл кезде адам ағзасы қыстың суығынан шаршайды, бойындағы дәрумендер азаяды. Демек, тынығуға, профилактикалық ем-шаралар қабылдап қою кімге болса да артық етпейді. Наурыздан кейін-ақ «көктемнің әр күні – жылға азық» деген қарбалас шақ келеді. Демалып, тыңайып алған кісі жұмысқа да құлшынып кірісері анық қой. Біз осы жағын ескеріп, акция жасауды ұйғардық, – дейді «Сосновый бор» санаторийінің директоры Дидар Әубәкіров. – Теңге бағамы қалай өзгерсе де біздің бағамыз қымбаттамайды, қайта акцияда жеңілдіктермен береміз.
Наурыз айында «Сосновый бор» санаторийі орналасқан алып қарағайлар арасындағы ақ көрпе қар демалушылардың шаңғы жолына айналады. Ал қарағайдың ауасы жүрек-қан тамырлары ауруынан зардап шегетіндерге, жүйке жүйесі үшін мың да бір ем. Күніне бір мезгіл қарағай арасын жаяу аралаудың өзі кісіні өте сергітетінін демалушылардың барлығы да мойындап кетеді. «Сосновый бордың» суының шипасы өте мол екенін әрқашан айтып жүрміз. Шипасы минералды судың құрамына тікелей байланысты. Мамандар бұл судың құрамы атақты «Пятигорск», «Моршин», «Карловы Вары», «Трускавец» және «Ессентуки-17» және өзіміздің «Сарыағаш» курорттарының шипалы суына ұқсас екенін әлдеқашан дәлелдеген.
– Минералды судың асқазан-ішек ауруларына және ағзадағы зат алмасу үдерісі бұзылғанда емдік қасиеті күшті. Асқазан ауырды дегенше бүкіл ағза зардап шегетінін қазір көзі қарақты кісілер жақсы біледі. Асқазанды осы мезгілде емдеп алған өте тиімді. Сонымен қатар, гинекологиялық, урологиялық және тері ауруларынан зардап шеккендердің де осы сумен емделгені өте дұрыс, – дейді санаторийдің бас дәрігері Айгүл Мырзабекова.
Санаторий дәрігерлері жұмысы ауыр немесе денсаулыққа зиянды орындарда еңбек ететіндер үшін де көктемде санаторлық ем алудың пайдасы зор екендігін айтады. Жалпы, аурудың алдын алу үшін және тынығып, денсаулығын нығайтамын дегенге «Сосновый бордың» берері көп. Санаторийде келушілерге 70-тен аса ем түрі ұсынылады. Демалушылар ауруына қарай дәрігердің бақылауымен кемінде 12-13 түрлі ем қабылдайды.
«Сосновый бор» санаторийіне жолдама алу үшін 8 (714-45)-3-33-09, 3-33-10, 49-010 және 8 (7142)-39-06-05 телефондарына алдын ала хабарласуға болады. Сондай-ақ, санаторийдің Қостанай қаласында өкілдігі бар екендігін естеріңізге саламыз.Оның телефондары: 8 (7142) -54-30-04, 39-09-09. Санаторийдің анықтама телефонына тәулік бойы хабарласуға болады: 8 (714-45)-3-33-05, 8 (7142) -39-02-86.
Internet: http://sosnovyibor.com, e-mail: sosnov-bor@mail.ru
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.