Саясат • 31 Қазан, 2021

Израиль нысанасына Сирия да ілікті

424 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сирияның әуе қорғаныс күштері ел астанасының маңынан  зымырандарды тапты. Олар зымырандар Израиль тарапынан жіберіл­генін айтады.

Израиль нысанасына Сирия да ілікті

Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің мә­лім­демесіне сәйкес, Дамаск ма­ңындағы ауылдар зымырандар нысанасына алынған. Оған қоса екі жауынгер жараланып, материал­дық шығын келтірген.

Сирияның САНА агенттігі көп ұзамай «Израиль басып алған сол­түстік Палестинадан Дамаск ма­ңына позициялар бойынша зымырандарын ұшырды» деген хабар тарата бастады.

«Біздің әуе шабуылына қарсы қор­ғаныс құралдарымыз іске қо­сыл­ды және жаудың кейбір зы­мы­рандарын жоя алды», дейді Сирия әуе қорғаныс күштерінің өкілі.

Израиль әскерінің өкілі болса «Біз шетелдік БАҚ-тағы хабар­ламаларға түсініктеме бермейміз» деп, аталған жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Сирияның Адам құқықтары жөніндегі обсерваториясы сенбі­дегі рейдтің мақсаты Ливанға бағытталған қару-жарақ пен оқ-дәрілер партиясы екенін айтты. Өйткені зардап шеккен аудандарда ливандық «Хезболла» тобының қару-жарақ қоймалары, сондай-ақ сириялық әскер және Иран қол­даған полициялардың позициялары бар деп хабарланған болатын.

The war monitor хабарлағандай, ереуіл нәтижесінде кем дегенде бес Иран жасағы қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды.

Израиль бұл позицияларға бұрын да шабуыл жасаған.

Израилдің 14 қазанда Сирияның орталық бөлі­гіндегі Иран позицияларына жа­саған әуе шабуы­лының салдарынан «Ислам мемлекетіне» қатысы бар деген тоғыз содыр қаза тапты.

Сириядағы жергілікті күштер және сол жақтағы Иран әскеріне соқ­қы жасап отырған Израиль соң­­ғы жылдары Сирияға жүздеген шаб­­­уыл жасады, бірақ мұндай опе­ра­ция­­­лар­­дың барлығын өз жауап­кер­ші­­лі­гіне алмайды, сирек мо­йындайды.

Сирияға шабуылдар әдетте түнде жасалады екен.

Израиль оның базаларға, қару-жарақ қоймаларына және Ливан­ның қуатты «Хезболла» тобы сияқты Иранға одақтас полиция­мен байланысы бар нысандарға бағыт­талғанын мойындады.

«Хезболла» аймақтағы азамат­тық соғыста Сирия президенті Башар Асад күштерінің жағында соғысады.

Сенбіде Түркияны паналап жүрген бірнеше сириялық еліне қайтарылуы мүмкін екені мәлім болды. Жақында сирия­лық әйел мен түрік азаматының арасындағы жанжалға қатысты видео жариялаған. Бұған дейін түрік ақпарат агенттіктері түрік азаматының сириялық әйел­ге «Сендер біздің елде емін-ер­кін өмір сүріп жатырсыңдар. Тол­тырып жеміс аласыңдар, менің оған жағ­дайым жоқ» деп ұрысқан ақпаратын таратқан. Сириялық босқын оның соғыс көр­мегенін айтып, айыптайды. Түрік азаматының айтқанына наразы сириялықтар банан жеген видеолар тарата бас­тады.

Түркияның «Демирорен» ақ­парат агенттігі наразылық біл­дір­ген сегіз сириялық, оның ішінде бір кәмелетке толмаған жасөспірім Измир қаласында қолға түскенін хабарлады. Түркияның көші-қон басқармасы осы аптаның басында белгілі себептермен тағы жеті шетелдік азамат депортациялануы керек деп мәлімдеді.

Сәрсенбіде Көші-қонды бас­қару жөніндегі бас директорат жария­лаған мәлімдемеде «барлық аран­датушылық хабарламаларды анықтауға күш салынуда... және осы хабарламаларды таратқан бар­лық тұлғаға қатысты қажетті қыл­мыс­тық және әкімшілік шаралар қолданылады» делінген.

Ыстанбұл полициясы 11 сирия­лық­­тың «жеккөрушілік тудыр­ғаны» және «түрік халқын қорлаға­ны» үшін қамауға алынғанын мәлімдеді.

Түркия – әлемдегі  ең көп босқын қабылдаған мемлекеттердің бірі. Олар негізінен 3,6 миллион си­рия­лықты уақытша паналатып отыр. Кейбір түріктер босқын си­рия­­лықтардың өмір сүру деңгейі ж­о­ғары деп шағымданады, ал елдегі жұ­мыс­сыздық пен инфляция халықтың өмір сүру сапасына әсер еткенін айтады.