Бокс • 31 Қазан, 2021

ӘЧ: Саматәлі Төлтаев қарсыласынан айласын асырды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 кило салмақта бақ сынап жатқан қазақ боксшысы Саматәлі Төлтаев колумбиялық Дуван Сулето Мореномен жұдырықтасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ӘЧ: Саматәлі Төлтаев қарсыласынан айласын асырды

Үш раунд бойы өзіне тән шеберлігін көрсете білген отандасымыз бұл жекпе-жекте жеңіске жетті. Әрине, колумбиялық боксшы оңай шағылатын жаңғақ еместігі түсінікті. Әйтсе де ұлттық құрамадағы әріптестерінің жеңісті жорығын жалғастырғысы келген жампоздың жеңіске деген құштарлығы зор болғаны қуантты.