Қоғам • 01 Қараша, 2021

Мыңнан астам әйелге қолдау көрсетілді

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық қоғамды алаңдатып отырған күрделі мәселе болып отыр. Алматы қаласында Jas Otan, «Қазақ­стан еріктілер лигасы» және «Бақытты отбасы» орталығында жүзеге асып жатқан Gulbolsyn жобасының 3 кеңес беру пункті жыл басынан бергі аралықта тұрмыстық зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге қолдау көрсетіп келеді.

Мыңнан астам әйелге қолдау көрсетілді

Отбасындағы агрессордың құрбандары – нәзік жандылар, тіптен балалардың денсаулығына зиян келіп, психологиялық күйзеліске душар болып жат­қан жағдайлар аз емес. Gulbolsyn жобасы осы орайда қаладағы нәзік жандылардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек беріп, қолдау көрсетуге, өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларының алдын алу мақсатында жұмыс істеуде.

Аталған жоба Алматының дағдарыс орталық­тарымен, сонымен қатар әлеуметтік ана орталық­тарының желісі – «Бақытты отбасы» бастамасымен бірге белсенді жүзеге асып келеді. Осы орайда дау-дамайды шешу, теңдік мәселелері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша пікір алаңдары мен кездесулер ұйымдастырылып отырады. Кеңес беру үшін қабылдау бөлімдері ашылып, психологтер, заңгерлер, жаттықтырушылар сияқты мамандар қызметі жолға қойылған әрі сенім телефондары дамылсыз қоңырау қабылдайды. Осы орталық мамандарынан жоба басталған аралықта 1552 адам көмек алса, олардың үрей мен қорқыныштан арылып, жаңаша өмір бастауға ұмтылысы қуантады. Орталық мамандарының кеңесінің арқасында күш-қуат алып, қалыпты жағдайда өмір сүруге бел буған нәзік жандылар тың бастамалардың, жаңа істердің бастамашысы бола білуде. Жоба осы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады.

 

АЛМАТЫ