Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің таратқан мәліметі бойынша, қазіргі уақытта бірқатар отандық футбол төрешілері, оқудың барлық кезеңінен өтіп, ресми ойындарда VAR (video assistant referee) және AVAR (assistant VAR) ретінде жұмыс істеу үшін FIFA-дан қажетті лицензияларын алған.
Сөйтіп келесі маусымда OLIMPBET-Суперкубок, OLIMPBET-Чемпионат және OLIMPBET-кубогының ойындарында қызмет көрсетуге жоспарланған барлық төреші үшін оқыту және лицензиялау процесі жалғасуда. Ал осы маусымдағы кубоктың жартылай финалдық және финалдық ойындары FIFA және IFAB бекіткен VAR хаттамасына сәйкес өтеді.
Футболдан Қазақстан кубогы ойындарының жартылай финалында «Тобыл» – «Шахтер» және «Астана» – «Қайрат» клубтары бақ сынайды. Алғашқы ойындар 6-7 қарашаға, қарымта матчтар 20-21 қарашаға жоспарланған. Айта кетейік, соңғы рет Қазақстан кубогын 2019 жылы Қызылорданың «Қайсары» жеңіп алған болатын. Ал былтыр пандемияға байланысты кубок бәсекесі ұйымдастырылған жоқ.