Хоккей • 01 Қараша, 2021

«Барыс» қайта еңсе тіктеді

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың «Барысы» сырт айдында өткен екінші ойынында да жеңіске жетті. Алғаш Вла­дивостоктың «Адми­ралын» 4:1 есебімен жеңсе, бұл жолы Ха­баров­скінің «Амурын» 1:0 нәтижесімен қапы қалдырды.

«Барыс» қайта еңсе тіктеді

ҚХЛ-дың кейінгі ойындарында қатарынан төрт матчта жеңіліп, жанкүйерлерін өкпелетіп алған «Барыс» осылайша еңсе тіктеп келеді. «Платинум Арена» аренасында өткен кез­десудің бірінші кезеңінде командалар бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. Үзілістен кейін ерекше күш-жігермен мұзайдынға шық­қан Юрий Михаилис шәкірттері 32-минут­та есепте алға шықты. «Барыс» сапынан Ки­рилл Савицкий мергендігімен көзге түсті. Ал үшінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Осылайша, қатарынан екінші ойында жеңіске жеткен «Барыс» «Шығыс» конференциясында 7-орынға көтерілді.