Әлем • 01 Қараша, 2021

Токио метросында ер адам 17 жолаушыны пышақтап тастады

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио префектурасының Тефу қаласында қолында пышағы бар ер адам пойыз жолаушыларына шабуыл жасады. Keio теміржол компаниясына тиесілі пойыздағы оқиға кезінде 17 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио метросында ер адам 17 жолаушыны пышақтап тастады

Жарақат алған адамдардың ішінде бір науқас ес-түссіз жатыр. Қылмыскер пойызда тез жанатын сұйық төгіп, оны өртеген. Оттан вагонның бірнеше орындығы жанып кетті.

Шабуыл пойыз бір стансадан шығып екіншісіне бара жатқан кезде болған. Полиция пойыз келесі платформаға жеткен кезде қылмыскерді ұстады.

Ер адам тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетпеген. Ол өзінің әрекетін «екі не одан да көп адам өлтіріп, сотта өлім жазасын алғым келеді» деп түсіндірген. Қылмыс болған желіде пойыздар қозғалысы толық тоқтатылды.