Кәсіпқой бокс • 01 Қараша, 2021

Батыр кәсіби мансабын басқаша бастамақ

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев канадалық «Eye of The Tiger Management» промоутерлік ұйымынан кеткенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыр кәсіби мансабын басқаша бастамақ

Бұл туралы отандасымыз өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Мен «Eye of The Tiger Management» промоутерлік ұйымының жетекшісі Камил Эстефанға кәсіби мансабымды бастауына мүмкіндік бергені үшін алғысымды айтамын. Кәсіби мансабымды өркендету үшін екі тарап ойласа келе екі түрлі жолмен жүру жайлы шешім қабылдадық.

Маған сенген барлық жанкүйерлерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында әлем чемпионы атанамын деген арманым мақсатқа айналды. Қазір Лас-Вегаста оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмын. Жақын күндері кезекті жекпе-жегім жайлы хабармен бөлісетін боламын», деді Батыр.