20 Ақпан, 2014

Жағдайды тұрақтандыруға шақырамыз

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі Киевте және Украинаның басқа да қалаларында наразылық акциясына қатысушылар мен құқық қорғау органдарының өкілдері арасында қазаға әкелген қақтығыстардың ушығуын үлкен алаңдаушылықпен қабылдадық. Мықты және беделді, эконо­микалық, өндірістік және адами әлеуеті зор мемлекетке саяси қарама-қайшылықтардың тигізіп отырған зардабын өкінішпен атап өтеміз. Қазақстан мен Украинаны дәстүрлі достық және стратегиялық  қарым-қатынас байланыстырады, олардың негізінде өзара сенім мен құрмет жатыр. Біз Украинаны маң­ызды әріптесіміз ретінде қарас­тырамыз. Біз зорлықтың кез келген түрін қатаң сынаймыз және Украи­наның барлық саяси күштерін ұс­тамдылыққа, қантөгісті тоқ­та­туға, мемлекеттің конституциясы мен заңдарына сәйкес тәртіп орна­туға шақырамыз. Сонымен қатар, ха­лық­аралық қоғамдастықты да осы елдегі жағдайды тұрақтандыруға барынша ықпал етуге шақырамыз.