Аймақтар • 01 Қараша, 2021

Павлодарда жаяу жүргіншінің үстіне кірпіш қабырға құлады

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда екі автокөлік жол апатына ұшырап, тұрғын үйге соғылды деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жаяу жүргіншінің үстіне кірпіш қабырға құлады

Instagram желісінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, жол апаты Абай - Горький көшелерінің қиылысында болған.

«Жаяу жүргіншінің үстіне кірпіш қабырға құлап кетті. Тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Жүргізушілер, жол үстінде абай болыңыздар, жылдамдық режимін сақтаңыздар! Полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметіне жеделдігі үшін рахмет», деп жазды желі қолданушылары.

Облыстық полиция департаменті жол апаты 1 қараша күні сағат 08:40-та болғанын хабарлады. ВАЗ-2110 маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі М.Горький көшесімен жүріп, Абай көшесінің қиылысында Honda маркалы автокөлігіне жол бермеген. Нәтижесінде екі көлік соқтығысып, ВАЗ жүргізушісі жеке үйдің қоршауына соғылған. Дәл сол сәтте кірпіш қоршау жаяу жүргіншінің үстіне құлаған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді. Honda автокөлігінің екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», деп нақтылады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, ВАЗ-2110 автокөлігі айып тұрағына қамалды.

Қазіргі уақытта, тексеру жұмыстары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.