20 Ақпан, 2014

Азия-африкалық аграрлық бизнес-форум

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Таяуда Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында 1-ші Азия-африкалық бизнес-форумы болып өтті. Оны Үндістанның Сауда-өнеркәсіп палатасының федерациясы осы елдің Ауыл шаруашылығы және Тамақ өнеркәсібі министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырды. Бизнес-форум жұмысына Азия мен Африка өңірлерінің салалық министрліктерінің, агро­өнеркәсіп компаниялары мен институттарының бас­шы­лығы қатысты. Шараның сал­танатты ашылу рәсімінде Үн­діс­танның президенті Пранаб Кумар Мукерджи құттықтау сөз сөйледі. Қазақстанның Үндістандағы елшілігі өңірдің елдік стендтері арасына Қазақстанның аграрлық саласына қатысты материалдарды ұсынды. Форумға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы өсімдік шаруашылығын, мал ша­руашылығын және ауыл ша­­руа­­­шылығы өнімдерін өң­деу­ді дамытудың негізгі ба­сым­­­дық­тарымен, Қазақстанның Үкі­­меті қабылдаған жаңа «Аг­ро­биз­­нес-2020» салалық бағдар­ла­ма­сымен, Қазақстанның ауыл шаруа­шылығы секторы қыз­метінде инвестициялар үшін оң­тай­лы жағдайлар бар екені ту­ралы материалдармен таныстырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың ел халқына арнаған Жол­­дауында жарияланған агро­­өнеркәсіп кешенін дамы­тудың негізгі бағыттары қаты­су­шылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Сарап­шылар Қазақ­стан­ның ауыл шаруа­шы­лығы саласына үлкен назар аударып отырғанын атап көрсетті. Өйт­кені, бұл сала елдегі дәстүрлі сала­­лардың бірі болып табылады. Осы орайда, тиімді жер рыно­гын құ­руға ұтымды ұмтылыс таны­тылып отыр. Сонымен қатар, Қа­зақстанның аграрлық сек­тор­дың шағын және орта бизнес пішінінде жаңа өңдеуші кәсіп­орындар желісін құруға ұмты­лысы оңынан аталып өтті. «Егемен-ақпарат».