Қоғам • 01 Қараша, 2021

Қазақстанда бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс жасалды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада елімізде 3124 қылмыс жасалды, оның 2 мыңнан астамы ізін суытпай ашылған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс жасалды

«Бір апта ішінде 3124 қылмыс жасалды, оның арасында 2104 іс бір тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай кісі өлтіруге қатысты – 9, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты – 5, қарақшылық – 5, тонау – 47 және бөтен мүлікті ұрлауға қатысты 454 қылмысты ашты», деді Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігі ұйымдастыратын апталық брифингіде.

Бұған дейін ресми өкіл Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасы QUESTRA WORLD-қа қатысты іс сотқа жіберілгенін хабарлаған еді.

Тергеу барысында 2016 жылдың наурызынан 2017 жылдың маусымына дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында QUESTRA WORLD қаржы пирамидасын құрып, оны қазақстандықтар да тартылған трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында басқарғаны анықталған.