Жақында Швейцарияның Женева қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Нәсілдік төзбеушіліктің барлық пішінін жою бойынша комитетінің 84-ші сессиясында Қазақстан Республикасының аталған халықаралық конвенцияны орындау туралы 6-шы және 7-ші кезеңдік баяндамасы тыңдалды. Халықаралық құжаттың ережелері мен талаптарын жүзеге асыру бойынша делегация жетекшісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Жанай Омаров сөз сөйледі.
Өзінің сөзі барысында ол этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мәселелері Қазақстан үшін қашанда басым жайт болғанын және болып қала беретінін атап өте келіп, елімізде олардың әлеуметтік, этностық және нәсілдік айырмашылығына қарамастан, барша азаматтың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық жағдай жасалғанын көлденең тартты.
Сондай-ақ, Қазақстанның адам құқын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауы туралы ақпаратпен және БҰҰ аталған комитетінің мүшелері сұрақтарына жауаппен Қазақстан делегациясының құрамындағы Парламент Сенатының депутаты А.Башмаков, Парламент Мәжілісінің депутаты Ю.Тимощенко, Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасының орынбасары А.Қасымов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқы жөніндегі комиссияның хатшысы Т.Әбішев, Бас прокуратураның, Әділет, Ішкі істер, Білім және ғылым, Сыртқы істер министрліктерінің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар сөз сөйледі. Мәжіліс отырыстарына, сонымен қатар, Қазақстанның Швейцариядағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Тілеуберді қатысты.
6-шы және 7-ші кезеңдік баяндамада Қазақстанның 2008 бен 2012 жылдар аралығында нәсілдік төзбеушіліктің барлық пішіндерін жою саласында жүргізген саясаты туралы ақпарат қамтылған. Қазақстан бұл конвенцияны 1998 жылы ратификацияласа, оның талаптарын орындау бойынша әркез есеп беріп тұрады.
БҰҰ комитетінің мүшелері Қазақстан делегациясы жұмысының деңгейін жоғары бағалап, сөйленген сөздер мен берілген жауаптарға өздерінің қанағаттанатындықтарын білдірді. Комитеттің Қазақстандағы этносаралық жағдайды одан әрі жақсарту туралы ұсынымдамалары кезекті 8-ші және 9-шы баяндамаларды дайындауға негіз етіп алынатын болады.
«Егемен-ақпарат».

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20