20 Ақпан, 2014

Өңірді өзгерістер күтеді

211 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
27625a9f8c0b00683fbd801f5b3b5cfc_MАуыл-қалалардан келген жұртшылық облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың халық алдындағы есепті кездесуіне жиналды. Елбасының 30 елдің қатарына қосылу жайлы тапсырмасы – бәрімізге ортақ міндет. Биылғы Жолдауында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту туралы бірқатар тапсырмалар берілді, бұл біздің өңір үшін де аса маңызды, деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев. Ауыз су, жол жағдайы жергілікті әкімдердің өздері қолға алып, жасайтын жұмыс қой, қайда қарап отырсыздар? Халық бізге қарап отыр. Сондықтан, Ақтоғай, Лебяжі, Май аудандарының әкімдеріне шілде айына дейін уақыт беріледі, деді Қанат Бозымбаев аудандарды аралап шыққан соңғы қорытынды жиналыс барысында. Шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша ауылдарда жұмыстар қолға алынбай тұр. Ертіс, Май аудандарындағы топтық су құбырларын жасаймыз деп келгендер болды, су құбыры да жоқ, қаражат та жоқ, қазір бұл мәселе сотта қаралуда. Одан кейінгі сапарлары өндірісті Екібастұз, Ақсу қалаларында жалғасты, барлық аудан орталықтары мен ауылдарды, өндіріс орындарын аралап шықты. Өткен жылы өңірдегі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға 608,7 миллион теңге бөлініпті. Бірақ, зауыттардың қоршаған ортаға, экологияға зиян жасап отырғандары жиі айтылады. Облыс орталығындағы тоқтап тұрған құрылыстар, мысалы, Екібастұздағы 700 орындық апатты алып құрылыс Бозымбаевтың айтуымен министрліктерге жетті, кейбірі тоқтатылды. Өткен жылы облыс кәсіпорындары 1330,4 млрд. теңгенің өнімдерін өндіріпті. Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың көлемі 266,2 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл күндері облыста Индустрияландыру картасы шеңберінде құны 75,2 млрд. теңге тұратын 5 жоба іске асырылды, 457 жұмыс орны құрылды. Индустрияландыру картасының 53 инвестициялық жобасы пайдалануға берілген. Өңірде ауыл шаруашылығын әртүрлі бағыттар бойынша субсидиялау­да осы жылға 4 млрд. теңге бөлінген. Жалпы құны 12,4 млрд. теңгені құрайтын 22 инвестициялық жоба қолға алынғанын атап өтті. Кеден одағы шеңберінде облыс­та Ресей және Беларуспен 2584,4 миллион АҚШ доллары көлемінде өзара сауда қамтамасыз етілген. Ертіс өзені бойымен 920 мың тонна көлемінде жүк тасымалданды, яғни Омбы, Түмен жаққа шыға аламыз деген сөз. Былтыр 207,4 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізілсе, биыл да бұл үрдіс жалғасын табатыны айтылды. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» салалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі желісі бойынша 17,7 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылыпты. Облыста «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 1682,8 миллион теңгеге 6 жоба іске асырылуда. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 374,7 млрд. теңгеге өнім өндірді. Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 32135 бірлікті құрады, ондағы жұмыспен қамтылғандар саны – 122,5 мың адам. «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы шеңберінде 72,9 млрд. теңге сомасына 481 жоба іске асырылуда. Республикалық бюджет есебінен облыс орталығында перинаталдық орталыққа қосымша корпус салу жоспарланып отыр. Бұл күндері республикалық бюджет қаражаты есебінен Кенжекөл ауылында 600 орынға, Майқайың кентінде 420 орынға, Шарбақты ауылында 300 орынға, облыс орталығында 1200 орынға арналған мектептердің құрылысы жүргізілуде. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін ұлғайту қажет. Біз болашақта Ертіс өзені мен Сәтбаев атындағы арна арқылы суармалы жер көлемін 122 мың гектарға ұлғайтататын боламыз, деді Қанат Бозымбаев. Жалпы алғанда, өткен жылы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 5,4 млрд. теңге бөлініп, игеріліпті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 113,8 млрд. теңгені құрады. Дәнді-дақылдардың жалпы жиналымы 718,6 мың тоннаны құрады, әрбір гектардан өнімділік 12,1 центнер болды. Мал шаруашылығында өнім көлемі 57 млрд. теңгені құрады. Азық-түлік тауарларын өндірушілермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша бірқатар меморандумдар жасалды. Негізгі азық-түлік қоры жергілікті жердің өзінде бар. Жиын соңында әдеттегідей сұрақ-жауап уақыты келді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту, өзін-өзі жұмыспен қамту, жедел медициналық көмек көрсету, тауарларға бағаны бақылауды күшейту, облыста диабет орталығын ашу жөнінде ұсыныстар жасалды. Павлодар облысы.